Петропавловск
+21°C
Главная страница » CҚО » СҚО-да жаңбыр, найзағай және қатты жел күтіледі

СҚО-да жаңбыр, найзағай және қатты жел күтіледі

August 14, 2025 11:09

Синоптиктердің мәліметінше, алдағы күндері Солтүстік Қазақстан облысында қолайсыз ауа райы болжануда. 14 және 15 тамызда жаңбыр, найзағай және желдің күшеюі күтіледі, деп хабарлайды QZ NEWS.

Бүгін, 14 тамызда, жаңбыр мен найзағай болады. Облыстың оңтүстік және шығыс аудандарында жауын-шашын мол түсуі ықтимал. Күндіз бұршақ пен екпінді жел болуы мүмкін. Түнде және таңертең облыстың батысы мен солтүстігінде тұман күтіледі. Жел батыстан, солтүстік-батыстан, жылдамдығы 9-14 м/с. Оңтүстік пен шығыста күндіз екпіні 15-20 м/с, кей жерлерде 25 м/с-қа дейін жетеді. Ауа температурасы түнде +10…+15°C, күндіз +18…+23°C шамасында болады.

Ертең, 15 тамызда да жаңбыр мен найзағай болжануда. Солтүстік пен шығыс аудандарда қатты жаңбыр күтіледі, күндіз бұршақ пен екпінді жел соғуы мүмкін. Түнде және таңертең батыс пен солтүстікте тұман болады. Жел батыстан, солтүстік-батыстан, 9-14 м/с, оңтүстік пен шығыста 15-20 м/с. Ауа температурасы өзгеріссіз қалады: түнде +10…+15°C, күндіз +18…+23°C.

Shares