СҚО колледждерінде 1800-ден астам студент жұмысшы мамандықтарын меңгеретін болады
August 26, 2025 18:11

Жаңа оқу жылында СҚО-дағы 24 колледжде шамамен 11 мың студент білім алады. Мемлекеттік тапсырыс бойынша бірінші курсқа 3 700 талапкер қабылданды, деп хабарлайды QZ NEWS.
Білім басқармасы басшысының орынбасары Татьяна Протопопованың айтуынша, 26 тамыздағы жағдай бойынша педагогикалық, медициналық, шығармашылық және өзге де орта буын мамандықтарына құжат қабылдау аяқталды. Ал жұмысшы мамандықтарына түсушілер үшін әлі уақыт бар. Оларға өтінім қабылдау 27 тамызға дейін жалғасады.
«Биыл колледждерге барлығы 3 900 өтінім түсті. Оның ішінде 1 870 студент жұмысшы мамандықтары бойынша білім алады, ал 1 500-і – 11-сынып базасында орта буын маманы атанады», – деді Татьяна Протопопова.
