Петропавловск
+21°C
Главная страница » CҚО » СҚО-ның 184 оқушысы Президенттік олимпиаданың финалына жолдама үшін бақ сынауда

СҚО-ның 184 оқушысы Президенттік олимпиаданың финалына жолдама үшін бақ сынауда

October 6, 2025 15:22

Петропавлда жаратылыстану-математикалық бағыттағы пәндер бойынша XVIII Президенттік олимпиаданың өңірлік кезеңі басталды. Байқау бұған дейін республикалық немесе халықаралық олимпиадаларға қатыспаған 11-сынып оқушыларына арналған, деп хабарлайды QZ NEWS.

Олимпиадаға облыстың барлық аудандарынан, Петропавл қаласынан және арнайы білім беру ұйымдарынан барлығы 184 оқушы қатысып жатыр.

Қатысушылар бір мезетте төрт пән бойынша тапсырма орындайды:

  • Математика
  • Физика
  • Химия
  • Биология

Әр пәнге бір сағат уақыт бөлінген. Олимпиада дәстүрлі қағаз форматында өтуде.

«Қызылжар дарыны» орталығының директоры Бахыт Габдуллинаның айтуынша, Президенттік олимпиада — бұл тек білім сайысы ғана емес, сонымен қатар қатысушылар үшін өз әлеуетін көрсетуге, жаратылыстану ғылымдарына деген қызығушылығын арттыруға және өз күшіне деген сенімді нығайтуға мүмкіндік.

Өңірлік кезең қорытындысы бойынша ең жоғары ұпай жинаған 20 үздік оқушы анықталып, келесі – іріктеу кезеңіне жолдама алады. Олимпиаданың қорытынды республикалық кезеңі қараша айында өтеді.

Shares