Петропавловск
+21°C
Главная страница » CҚО » СҚО оқушылары Конституция негіздері мен цифрлық қауіпсіздік ережелерін оқи бастайды

СҚО оқушылары Конституция негіздері мен цифрлық қауіпсіздік ережелерін оқи бастайды

September 1, 2026 10:39

Солтүстік Қазақстан облысының барлық мектептерінде жаңа оқу жылы басталды. Білім беру ұйымдарына 6 мыңнан астам бірінші сынып оқушысы алғаш рет мектеп табалдырығын аттады, деп хабарлайды QZ NEWS тілшісі.

Өңірде мерекелік жиындар мемлекеттік дәстүрлерге сай ұйымдастырылды. Іс-шаралар Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туын көтеріп, Әнұранды орындаумен басталды. Барлық сыныпта Конституцияға, «Адал азамат» құндылықтарына, табиғатқа ұқыпты қарауға және заңды құрметтеуге арналған Бірыңғай сынып сағаты өтті.

2026–2027 оқу жылынан бастап білім беру үдерісіне бірқатар маңызды жаңалық енгізіледі. Атап айтқанда, 5–7 сынып оқушылары үшін «Конституция негіздері» пәні енгізілсе, 8–11 сынып оқушыларына «Заң және тәртіп» міндетті курсы оқытылады.

Сонымен қатар 5–11 сынып оқушылары жол қозғалысы ережелерін, төтенше жағдайлар кезіндегі іс-қимыл алгоритмдерін, цифрлық гигиена негіздерін және буллингтің алдын алу тәсілдерін меңгереді.

Цифрлық технологиялар мен жасанды интеллектіні қауіпсіз қолдану дағдылары жаңартылған пәндер аясында бастауыш сыныптардан бастап енгізіледі.

Жаңа бағдарламалар оқушылардың сыни ойлау қабілетін, қауіпсіздікке қатысты практикалық дағдыларын және жоғары деңгейдегі құқықтық мәдениетін қалыптастыруға бағытталған.

 

Shares