Петропавловск
+21°C
Главная страница » CҚО » Тайыншада жанармай құю бекетінің жанында жүк көлігі жарылып кете жаздады

Тайыншада жанармай құю бекетінің жанында жүк көлігі жарылып кете жаздады

October 3, 2025 10:25

Солтүстік Қазақстантан облысының Тайынша қаласында құтқарушылар жанармай құю станциясына тым жақын жерде тұрған жүк көлігінің өртену қаупінің алдын алды, деп хабарлайды QZ NEWS.

СҚО ТЖД мәліметінше, техникалық ақау туралы дабыл 112 жедел қызмет пультіне түскен. Белгілі болғандай, жүк көлігі қозғалыс кезінде жүріс бөлігі металл бөлшектерінің қатты қызып кетуіне әкелген. Салдарынан жанармай бекетінің іргесінде тұрған көліктің дөңгелектері отқа орануы мүмкін болған.

Оқиға орнына жедел түрде өрт сөндіру тобы жетті. Өрт сөндірушілердің шапшаң әрі кәсіби іс-әрекетінің арқасында өрт қаупі дер кезінде ауыздықталып, қатты қызып кеткен бөлшектер салқындатылды. Оқиға салдарынан ешкім зардап шеккен жоқ.

Shares