Тимирязев ауданында кәсіпкер орталық аудандық аурухананың аумағын абаттандыруға 50 млн теңге қаржылай қолдау көрсетті
«Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы аясында биыл Тимирязев ауданында аурухана ғимаратының екінші және үшінші қабаттарына күрделі жөндеужұмыстары жүргізілді, деп хабарлайды QZ News тілшісі.
Жылу жүйесі толығымен ауыстырылып, жертөле жаңартылды. Жылу қондырғысы мен өрт дабылы орнатылды, желдету, электр жабдықтары, электр жарығы ауыстырылды.
«Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі аясында орталық аудандық аурухананың аумағыабаттандырылды, қоршау орнатылды, асфальтбетон жабындары төселді, брусчаткалартөселді, аумақтарға жарықтандыру орнатылды, беседка мен орындықтар орнатылды. Бұған 50 млн теңгеден астам қаржы жұмсалды», – деді Ерлан Жаров брифингте.
Тимирязев ауданының әкімі 2025 жылдың қаңтарында аурухана ғимаратының 1-қабатында күрделі жөндеу жұмыстары басталатынын қосты. Қажетті жұмыстарды қаржыландыру көлемі 350 млн теңгені құрайды.