Петропавловск
+21°C
Главная страница » CҚО » Явленка ауылында жаңа ХҚКО ашылады

Явленка ауылында жаңа ХҚКО ашылады

August 30, 2025 12:31

Солтүстік Қазақстан облысында 2 қыркүйек күні Явленка ауылында жаңа Халыққа қызмет көрсету орталығы (ХҚКО) өз жұмысын бастайды. Ол Тәуелсіздік көшесі, 6 мекенжайында орналасқан, деп хабарлайды QZ NEWS.

Жаңа офис Есіл ауданы әкімдігінің қолдауымен жаңғыртылып, заманауи жабдықтармен қамтамасыз етілді. Ол клиентке бағдарлану және цифрландыру қағидаттары ескеріле отырып жобаланған, бұл өз кезегінде кезек күту уақытын қысқартып, мемлекеттік қызметтерді алуды қолжетімді әрі ыңғайлы етеді.

ХҚКО-да келушілердің жайлылығы үшін арнайы аймақтар қарастырылған:

  1. Ресепшн
  2. Құжаттарды беру аймағы
  3. Жылдам қызмет көрсету аймағы
  4. Өзін-өзі қызмет көрсету аймағы
  5. eOtinish платформасы арқылы өтініш қабылдау пункті

«Тұрғындардың ыңғайлылығы үшін Мемлекеттік корпорация Явленка ауылындағы Есіл аудандық халыққа қызмет көрсету бөлімін жаңғырту туралы шешім қабылдады. Соның нәтижесінде клиенттер мемлекеттік қызметтер алу барысында қолжетімділік пен жайлылықты сезінетін болады. Айта кетейін, жаңа орталықта дайын құжаттарды қабылдау және беру үшін 10 жұмыс орны бар, онда 19 білікті маман қызмет көрсетеді», – деді «Азаматтарға арналған үкімет» КЕАҚ Солтүстік Қазақстан облыстық филиалының директоры Еркін Жұмабай.

Shares