Петропавловск
+21°C
Главная страница » CҚО » Жаңа оқу жылында СҚО мектептеріне 73 мыңнан астам оқушы барады

Жаңа оқу жылында СҚО мектептеріне 73 мыңнан астам оқушы барады

September 1, 2026 10:03

Солтүстік Қазақстан облысында 439 білім беру ұйымы 73 437 оқушыға есігін айқара ашты. Оның ішінде 6 мыңға жуық бала мектеп табалдырығын алғаш рет аттайды, деп хабарлайды QZ NEWS тілшісі.

Жаңа оқу жылының басталуымен облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов ұстаздарды, оқушылар мен ата-аналарды құттықтады. Өз құттықтауында ол білім берудің мемлекет дамуының негізгі факторы екенін атап өтіп, өскелең ұрпақты елдің басты капиталы деп бағалады.

«Мемлекет басшысы білім сапасына, педагогтерді қолдауға және заманауи білім беру ортасын дамытуға ерекше көңіл бөліп келеді. Бұл бағыттағы жұмыстар біздің өңірімізде де жүйелі түрде жүзеге асырылуда. Мектептер мен балабақшалар жаңартылып, олардың материалдық-техникалық базасы нығайтылуда. Балалардың білім алуына және жан-жақты дамуына жаңа мүмкіндіктер жасалуда», — делінген құттықтауда.

Облыс әкімі оқушыларға білім жолында толағай табыс пен жарқын жаңалықтар, ұстаздарға кәсіби жетістіктер, ал ата-аналарға балаларының әрбір жетістігіне мақтаныш сезімін тіледі.

Shares