Петропавловск
+21°C
Главная страница » Спорт » 2026 жылғы Қысқы Олимпиада және Паралимпиада ойындарында СҚО-дан кімдер өнер көрсетуі мүмкін

2026 жылғы Қысқы Олимпиада және Паралимпиада ойындарында СҚО-дан кімдер өнер көрсетуі мүмкін

November 20, 2025 11:26

2026 жылы Италияда 25-қысқы Олимпиада ойындары және 14-қысқы Паралимпиада ойындары өтеді. СҚО әкімдігі отырысында өңір атынан кімдердің үміткер ретінде қарастырылып отырғаны айтылды. Бұл туралы спорт және дене шынықтыру басқармасының басшысы Қарлығаш Рамазанова хабарлады, деп жазады QZ NEWS.

Солтүстік Қазақстан облысынан Қазақстан құрамасына 434 жоғары дәрежелі спортшы кіреді. Жақсы нәтижелері үшін 94 спортшыға ай сайынғы ақша төлемі жүргізіледі.

Біздің спортшылар әлемдік аренада өз мүмкіндіктерін дәлелдеп, ірі халықаралық жарыстарда жоғары марапаттарға ие болып, Қазақстанның атын танытып жүр. Мәселен, Ербол Хамитов пара-биатлоннан (Швеция) әлем чемпионы және хрусталь глобус иегері атанды, Мейіржан Берекетов қазақ күресінен (Индия) әлем чемпионатында алтын жеңіп алды, СҚО тарихында алғаш рет Наталья Богданова әйелдер боксы бойынша әлем чемпионы болды (Англия), Махаббат Үмітжанова велоспорттан Азия чемпионы атанды (Таиланд), Надежда Морозова конькимен жүгіруден қысқы Азия ойындарында қола жүлде алды (Қытай), Аслан Асылбеков кикбоксингтен әлем кубогының бес дүркін иегері болды (Түркия).

2026 жылы өтетін 25-Қысқы Олимпиада ойындары мен 14-Қысқы Паралимпиада ойындарында өңір спортшылары арасынан мына кандидаттар ұсынылды:

«2026 жылғы 6–22 ақпан аралығында 25-Қысқы Олимпиада ойындары (Италия, Милан мен Кортина) өтеді. Біздің облыстан кандидат ретінде 3 конькимен жүгіруші ұсынылып отыр – Надежда Морозова, Кристина Шумекова және Виталий Щиголев. Ал 2026 жылғы 6–15 наурыз аралығында өтетін 14-Қысқы Паралимпиада ойындарына біздің өңірден Ербол Хамитов – парашаңғы жарысы, пара-биатлон; Александр Герлиц – парашаңғы жарысы, пара-биатлон; және Сергей Усольцев – парашаңғы жарысы, пара-биатлон спорт түрлері бойынша кандидат», – деді Қарлығаш Рамазанова.

Shares