Петропавловск
+21°C
Главная страница » Спорт » Петропавлда мұз аренасы жыл соңына дейін пайдалануға беріледі

Петропавлда мұз аренасы жыл соңына дейін пайдалануға беріледі

October 9, 2025 09:03

Жыл соңына дейін Петропавл қаласында жаңа заманауи мұз аренасы пайдалануға берілмек. Спорт нысанының құрылыс барысымен атақты конькишілер мен олардың бапкерлері танысты. Облыс әкіміның шақыруымен келген спортшылар мен жаттықтырушылар нысанның ауқымымен және болашағына өз бағаларын, деп хабарлайды QZ NEWS.

«Осындай өтінішпен бізге спортшылар мен бапкерлер бірнеше рет жүгінген болатын. Сол себепті олардың болашақ нысанның қандай болатынын өз көздерімен көріп, өз пікірлері мен ұсыныстарын айтуы маңызды еді», – деді облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов.

Аймақта бұқаралық және кәсіби спортты дамыту – жұмыстың басым бағыттарының бірі. Әсіресе халықаралық стандарттарға сай заманауи спорт инфрақұрылымын қалыптастыруға баса назар аударылып отыр.

Алдағы жылдары 400 метрлік коньки тебу жолы, екі хоккей алаңы және керлинг аймақтары бар көпфункциялы мұз аренасын салу жоспарланған. Сондай-ақ 50 метрлік олимпиадалық бассейні, жекпе-жек, көркем гимнастика залдары, волейбол, баскетбол және фитнес алаңдары бар әмбебап спорт кешені бой көтермек.

Жаңа спорт нысандары жаттығу мүмкіндіктерін кеңейтіп қана қоймай, халықаралық деңгейдегі жарыстарды өткізуге жол ашады. Бұл өз кезегінде өңірдің спорт саласы үшін тартымды орталыққа айналуына мүмкіндік береді.

 

Shares