Петропавлда өрт-құтқару спортынан VIII турнир басталды

Петропавлда Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрлігі Кубогына арналған ерлер мен әйелдер арасындағы өрт-құтқару спортынан VIII турнир басталды. Жарысқа еліміздің ең мықты спортшыларынан құралған 13 ерлер және 10 әйелдер құрама командасы, жалпы саны 300-ге жуық спортшы қатысуда. Алғашқы күні ерлер мен әйелдер 100 метрлік кедергілер жолағында бақ сынады, деп хабарлайды QZ NEWS.
«Қарасай» стадионында жарыстың салтанатты ашылу рәсімі өтті. Алғашқы минуттардан бастап спортшылар арасында қызу бәсеке басталды.

Ерлер арасындағы 100 метрлік кедергілер жолағында жеңімпаздар:
1 орын – Дінмұхамед Әбілбаев (Алматы қ.)
2 орын – Абзал Шакенов (Алматы қ.)
3 орын – Бауыржан Текенов (Қарағанды облысы)

Әйелдер арасындағы 100 метрлік кедергілер жолағында жеңімпаздар:
1 орын – Ситора Реджеметова (Түркістан облысы)
2 орын – Алла Серікханова (Астана қ.)
3 орын – Ольга Чернова (Түркістан облысы)

Айта кетейік, турнир аясында алдағы күндері жедел сатымен көтерілу, өрт сөндіру эстафетасы және жауынгерлік қанат жаю сайыстары өтеді. Чемпионаттың салтанатты жабылу рәсімі 7 қыркүйекте «Қарасай» стадионында өтеді.
