Петропавлда волейболдан XXXII ҚР чемпионаты басталды
November 24, 2023 13:00

Петропавлда волейболдан Ұлттық лигадағы әйелдер командалары арасында ҚР XXXII чемпионаты басталды. Көшбасшылық орындарға тоғыз команда таласып жатыр, деп хабарлайды QZ Мedia тілшісі.

Чемпионат аясында “Қуаныш” пен “Алматы” командалары арасында ҚР Суперкубогы үшін ойын өтті. Табанды және маңызды күресте алматылықтар 2:3 есебімен жеңіске жетті. Нәтижесінде “Алматы” командасы 2023-24 маусымдағы волейболдан Ұлттық лигадағы әйелдер командалары арасында ҚР Суперкубогының иегері атанды. Біздің қыздар екінші орынға ие болды.

Чемпионаттың бірінші туры шеңберіндегі ойындар Петропавлдағы “Қуаныш” спорт кешенінде 28 қарашаға дейін жалғасады. Біздің команданы қолдайық!
