Петропавловск
+21°C
Главная страница » Спорт » Петропавлдық спортшылар Әлем чемпионатында екі алтын және бес қола медаль иеленді

Петропавлдық спортшылар Әлем чемпионатында екі алтын және бес қола медаль иеленді

September 23, 2025 20:00

10–19 қыркүйек аралығында БАӘ астанасы Әбу-Дабиде өткен муай-тайдан Әлем чемпионатында Қазақстан құрамасы жоғары нәтижеге қол жеткізді. Жерлестеріміз 7 алтын, 7 күміс және 19 қола медаль жеңіп алып, жалпыкомандалық есепте үшінші орынға табан тіреді, деп хабарлайды QZ NEWS.

Бұл жетістікке петропавлдық спортшылар да зор үлес қосты: олар ел қоржынына екі алтын және бес қола медаль салды.

Виктория Филимонова Сауд Арабиясы мен БАӘ спортшыларын жеңіп, Әлем чемпионы атанды.

Дастан Мырзабай үш жекпе-жек өткізіп, Шри-Ланка, Өзбекстан және Ресей спортшыларынан басым түсіп, алтын медальға қол жеткізді.

Ал Асанәлі Сарқыт, Юлия Обичкина, Арианна Черепанова, Елдар Букенов және Асанәлі Рамазан тартысты кездесулерде өнер көрсетіп, ел қоржынына қола медаль салды.

Солтүстік Қазақстан облысының командасы Петропавл қаласында бас бапкерлер – Иван Ван-Хон-Тун мен Руслан Молдыбаевтың жетекшілігімен дайындық жүргізген болатын.

Shares