Қозыбаев университетінде көпсайыс бойынша республикалық Универсиада өтуде
Қозыбаев университетінің базасында қысқы президенттік көпсайыс бойынша үш күндікРеспубликалық Универсиада өтуде. Спорттық додаға қатысуға Алматы, Қостанай жәнеӨскемен спортшылары келді, деп хабарлайды QZ News тілшісі.
Х Республикалық Универсиадаға барлығы бес команда қатысуда. Бұл Қ.И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университетінің спортшылары, С. Аманжоловатындағы Шығыс Қазақстан университеті, Ахмет Байтұрсынов атындағы Қостанайөңірлік университеті, Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті және Қозыбаевуниверситеті.
Универсиада қатысушылары пневматикалық винтовкадан ату, шаңғы жарысы, күш гимнастикасы бойынша сынға түседі.