Петропавловск
+21°C
Главная страница » Спорт » «Qulager» Қазақстан кубогының алғашқы матчында «Алматыны» ойсырата жеңді

«Qulager» Қазақстан кубогының алғашқы матчында «Алматыны» ойсырата жеңді

August 22, 2025 20:03

«Qulager» хоккей клубы Қазақстан кубогындағы жолын сәтті бастап, «Алматы» командасын 6:1 есебімен айқын жеңді. Ойын Өскеменде «B» тобы аясында өтті, деп хабарлайды QZ NEWS клубтың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Алғашқы болып гол жіберіп алған петропавлдықтар тез арада ойынды өз қолына алды. Бірінші кезеңнің соңына қарай есеп теңесіп, үшінші кезеңде «Qulager» басымдығын нығайта түсті.

Кездесуде жақсы ойын өрнегін көрсеткен – екі-екіден шайба салған Александр Воробьев пен Ян Хоменко. Воробьев қос голымен қатар екі нәтижелі пас беріп, матчтың үздік ойыншысы атанды. Әсіресе оның бір голы аз құрамда ойнап жүргенде соғылғаны ерекше атап өтілді. «Qulager» қақпасында Антон Осокин сенімді ойын көрсетіп, 17 сейв жасады.

Келесі ойынды «Qulager» ертең, 23 тамыз күні, «Торпедо» командасына қарсы өткізеді.

Shares