Петропавловск
+21°C
Главная страница » Спорт » Сергей Кан «Qyzyljar» ФК ойыншыларының жалақысын төлеуге 1,5 млрд теңге жеке қаражатын бағыттады

Сергей Кан «Qyzyljar» ФК ойыншыларының жалақысын төлеуге 1,5 млрд теңге жеке қаражатын бағыттады

January 28, 2026 19:19

Солтүстік Қазақстан облысында кәсіби футболды қаржыландыру жүйесін реформалау басталды. «Qyzyljar» футбол клубы бүгінде жекеменшікке өтті. Жаңа иесі Сергей Канмен жасалған келісімге сәйкес, клуб кезең-кезеңімен толық өзін-өзі қаржыландыруға көшеді, деп хабарлайды QZ News тілшісі.

Алғашқы нәтижелер де бар – клуб иесі ойыншылардың жалақысын төлеуге жеке қаражатынан 1,5 млрд теңге бөлді.

СҚО дене шынықтыру және спорт басқармасының мәліметінше, бұдан бөлек, жеке инвестициялар есебінен клубтың инфрақұрылым нысандары мен спорттық жабдықтар сатып алынды.

«Алдағы үш жыл ішінде өңірдегі мемлекеттік қаржыландыру қысқарып, тек балалар мен жасөспірімдер футболын ұстау деңгейінде ғана қалады. Ал Qyzyljar кәсіби командасының ұлттық чемпионатқа қатысуына, ойыншылар мен жаттықтырушылар штабының еңбекақысына, легионерлерді тартуға, спорттық киім-кешекпен қамтамасыз етуге және өзге де ағымдағы шығындарға байланысты барлық шығыстар кезең-кезеңімен клуб иесінің жауапкершілігіне өтеді. Үш жылдан кейін мемлекет тек балалар футболын қаржыландырумен шектеліп, кәсіби команда бұрын қол жеткізілген келісімдерге толық сәйкес жеке меншік иесі есебінен толықтай қамтылады», – делінген хабарламада.

Shares