Петропавловск
+21°C
Главная страница » Спорт » Солтүстікқазақстандық еркін күрес жаттықтырушысы Александр Ляшенко 2025 жылғы ардагерлер арасындағы Әлем чемпионатының күміс жүлдегері атанды

Солтүстікқазақстандық еркін күрес жаттықтырушысы Александр Ляшенко 2025 жылғы ардагерлер арасындағы Әлем чемпионатының күміс жүлдегері атанды

October 13, 2025 10:00

Венгрияның Татабанья қаласында 2025 жылдың 7–12 қазан күндері өткен еркін күрестен ардагерлер арасындағы Әлем чемпионаты өз мәресіне жетті. Ауқымды спорттық дода бес жас ерекшелігі бойынша бөлінген әлемнің түкпір-түкпірінен келген 350-ден астам балуанды бір татамиге жинады, деп хабарлайды QZ NEWS.

Бұл беделді жарыста Солтүстік Қазақстан облысының намысын Олимпиадалық резервтегі мектеп-интернат кешенінің еркін күрес жаттықтырушылары — Александр мен Павел Ляшенко ағайындылар қорғады.

Александр Ляшенко 62 кг салмақ дәрежесінде өнер көрсетті. Ол финалға дейін үш белдесу өткізді: алғашқы екі қарсыласы — канадалық пен ресейлік балуандарды жеңіп, үшінші белдесуде жапон спортшысына есе жіберді.

Өкінішке қарай, бұл жоғары нәтиже спортшыларға оңайлықпен келген жоқ. Әлем чемпионатына қатысу үшін ағайынды жаттықтырушылар бір миллион теңгеден астам несие алуға мәжбүр болған. Бұл жайт ардагер спортшыларды жүйелі түрде қолдау қажеттігін тағы бір мәрте көрсетіп отыр. Өйткені олар өз өнегесімен жастарға жігер беріп, Қазақстанның атын халықаралық аренада асқақтатып жүр.

Shares