Петропавловск
+21°C
Главная страница » Спорт » Солтүстікқазақстандық каратэ шеберлері Мәскеуде өткен Әлем кубогында үздік атанды

Солтүстікқазақстандық каратэ шеберлері Мәскеуде өткен Әлем кубогында үздік атанды

August 18, 2025 09:46

Мәскеуде кёкушинкай каратэ бойынша алғашқы халықаралық «Шеберлер Әлем кубогы» өтті. Оған 37 елден шыққан Шихандар мен Сэнсейлер қатысып, өз өнерлерін көрсетті. Жарысқа солтүстікқазақстандық спортшылар да қатысып, каратэнің бірнеше түрінен жүлделі орындарға ие болды, деп хабарлайды QZ NEWS.

Атап айтқанда, ката сайысында СҚОФ «ВКОКК» ҚБ директоры, V дан иегері Владимир Витченко қола жүлдегер атанды. Кумитэде III дан иегері Сэнсей Людмила Бутенко қола медаль жеңіп алды. Ал тамэсивари бойынша IV дан иегері Евгений Дулов үздік атанды.

Сонымен қатар жарыс аясында «Каратэ және қоғам» атты форум өтті. Онда қатысушылар каратэ философиясынан бастап, оның тұлға дамуына ықпалы, халықаралық қатынастарды нығайту мен бейбітшілікті сақтаудағы рөліне дейінгі кең ауқымды мәселелерді талқылады. Әсіресе, жастар арасында каратэді насихаттау және салауатты өмір салтын қалыптастырудағы маңызына ерекше көңіл бөлінді.

Shares