Петропавловск
+21°C
Главная страница » Спорт » СҚО әкімі «Қызыл-Жар» ФК бюджеттен қаржыландыруының қалай қысқаратынын түсіндірді

СҚО әкімі «Қызыл-Жар» ФК бюджеттен қаржыландыруының қалай қысқаратынын түсіндірді

December 5, 2025 12:23

Облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов СЦК-дағы брифингте «Қызыл-Жар» футбол клубының жекеменшікке өтуіне қатысты журналистердің сұрағына жауап берді. Оның айтуынша, СҚО – кәсіби футбол клубын толық коммерциялық басқару моделіне көшірген Қазақстандағы екінші өңір, деп хабарлайды QZ NEWS.

«Қызыл-Жар» ФК коммерциализациялау туралы шешім Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау аясында қабылданды. Клуб толық коммерциялық негізге ауыстырылды: барлық активтері жаңа құрылымға беріліп, жаңа иесі Сергей Владимирович Кан болды.

«Қаржыландыруға келетін болсақ, коммерциаландырудың негізгі мақсаты 2–3 жыл ішінде футбол клубын бюджеттен толықтай қаржыландырудан шығару. Біз үш жылға конкурс өткіздік, онда қаржы көлемі жыл сайын азайып отырады. Үшінші жылдан бастап бюджеттен қаражат іс жүзінде бөлінбейді. Ал ол (Сергей Кан) осы кезеңде жыл сайын футбол клубын бір миллиард теңгеден бастап қаржыландырады. Үшінші жылдан кейін бюджеттен қаржыландыру тоқтаған кезде, ол клубты толықтай өз есебінен ұстайды, легионерлерді де, клубты да қаржыландырады және клуб жеке кәсіпорын ретінде жұмыс істейді», – деді СҚО әкімі.

Shares