СҚО-лық каратеші Людмила Бутенко Австралиядағы Әлем кубогында қола жүлде жеңіп алды

Австралияның Голд-Кост қаласында кекушинкай каратеден I.K.O.KU ұйымының 7-ші Әлем кубогы өтіп жатыр. Жарысқа Қазақстан құрамасы сапында қатысқан Солтүстік Қазақстан облысының спортшылары медальдар қанжығалай бастады, деп хабарлайды QZ NEWS.
Жарыстың алғашқы күнінде «Ката» бағдарламасы бойынша өткен бәсекеде СҚО спортшысы Людмила Бутенко (50–59 жас, 65 кг дейін) қола медаль иеленді.
СКО «ВКОКК» филиалының директоры Владимир Витченконың айтуынша, алдын ала кездесулер мен «Ката» сайыстары мықты қарсыластардың қатысуымен өтті. Дәстүрлі түрде жарыстың фавориттері Қазақстан, Жапония және Ресей құрамалары болып саналады.

Айта кетейік, кекушинкай каратеден I.K.O.KU ұйымының 7-ші Әлем кубогы 24 қарашаға дейін жалғасады. СҚО намысын төрт спортшы қорғауда:
- Владимир Витченко (40–49 жас, 85 кг дейін)
- Аян Тортаев (18–39 жас, 65 кг дейін)
- Людмила Бутенко (50–59 жас, 65 кг дейін)
- Светлана Малихтарович (50–59 жас, 65 кг дейін)
«Кумите» бойынша негізгі жекпе-жектер 23 қарашада өтеді.
