Петропавловск
+21°C
Главная страница » Спорт » СҚО полицейі Еламан Жағыпаров Mas-Wrestling бойынша Қазақстан чемпионатының алтын жүлдесін жеңіп алды

СҚО полицейі Еламан Жағыпаров Mas-Wrestling бойынша Қазақстан чемпионатының алтын жүлдесін жеңіп алды

May 21, 2026 14:57

Алматы қаласында Mas-Wrestling спорт түрінен Қазақстан Республикасы чемпионатының екінші кезеңі аяқталды. Ауқымды жарысқа еліміздің 14 облысынан келген 100-ге жуық спортшы қатысты, деп хабарлайды QZ NEWS тілшісі.

СҚО Полиция департаментінің мәліметінше, жарыста Солтүстік Қазақстан облысы Полиция департаменті Жедел әрекет ету арнайы жасағының инспекторы, полицияның аға лейтенанты Еламан Жағыпаров сәтті өнер көрсетті. Солтүстікқазақстандық тәртіп сақшысы 90 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде сынға түсіп, бұл санатта жеті мықты спортшы чемпиондыққа таласты.

Mas-Wrestling спорт түрі қазақтың ұлттық таяқ тарту ойынына өте ұқсас. Тартысты әрі ымырасыз бәсекеде Еламан Жағыпаров қарсыластарынан басым түсіп, бірінші орынды иеленді.

– Бұл жарқын жеңіс солтүстікқазақстандық спортшыға Қазақстан Республикасының ұлттық құрамасына жолдама сыйлады. Енді жерлесіміз Қырғызстанда өтетін VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында, сондай-ақ Қазан қаласында ұйымдастырылатын Mas-Wrestling бойынша әлем чемпионатында еліміздің намысын қорғайды, – делінген хабарламада.

Shares