Петропавловск
+21°C
Главная страница » Спорт » Станислав Тунхузин – «Qulager» командасының жаңа капитаны

Станислав Тунхузин – «Qulager» командасының жаңа капитаны

August 22, 2025 16:00

«Qulager» хоккей клубы 2025/2026 маусымына капитанын анықтады. Капитандық жамылғыны қорғаушы Станислав Тунхузин тағады, деп хабарлайды клубтың баспасөз қызметі, QZ NEWS.

Команданың бас бапкері Андрей Спиридоновтың айтуынша, бұл шешім хоккейшілердің бірауыздан қолдауымен қабылданған.

– Бұл оны құрметтейтінін және сөзіне құлақ асатынын білдіреді. Капитан болу – жасқа не статистикаға емес, мінез бен көшбасшылық қасиеттерге байланысты, – деді Спиридонов.

Оның айтуынша, Станиславтың капитандық тәжірибесі бар және оның таңдалуы жаттықтырушы штабының көзқарасына толық сәйкес келеді. Бапкердің сөзінше, капитан – командаға қиын сәттерде дем беріп, алға жетелей алатын нағыз лидер.

Сондай-ақ жаттықтырушылар штабы көмекші капитандардың санын төртеу етіп көбейтуге шешім қабылдады. Бұл ойын барысында құрамды икемді түрде өзгертуге мүмкіндік береді.

Бүгін «Құлагер» ХК маусымды Өскеменде өтетін Қазақстан кубогындағы «Алматы» ХК-мен матчтан бастайды.

Shares