Петропавловск
+21°C
Главная страница » Спорт » Ұлттық ұлан Академиясының құрамасы шаңғы жарысында жүлделі орынға ие болды

Ұлттық ұлан Академиясының құрамасы шаңғы жарысында жүлделі орынға ие болды

February 17, 2025 10:16

Петропавлда дене шынықтыру және спорт саласындағы «Динамо» қоғамының 100 жылдығына орай күш құрылымдары арасында шаңғы жарысы өтті. Спорттық іс-шараға өңірден 14 команда қатысып, үздіктер анықталды, деп хабарлайды QZ News.

Жарыста Ұлттық ұлан Академиясының құрамасы да белсенділік танытып, спортшылар өздерінің төзімділігі мен шеберліктерін көрсетіп, жалпы командалық есепте 3-орынға ие болды.

«Команда құрамында физикалық даярлық және спорт кафедрасының оқытушысы, аға лейтенант Бахытжан Жангулин, физикалық даярлық және спорт кафедрасының бастығы, подполковник Мақсат Нүсіпов, 4-курс курсанты, қатардағы Дүйсен Шерболат, тіл даярлығы кафедрасының оқытушысы Дамира Нұрлыбай өнер көрсетті. Ұлттық ұлан әскери қызметшілері қызметте ғана емес, спорттық жарыстарда да жоғары деңгейде дайындық көрсетуде», – деп атап өтті Ұлттық ұлан Академиясының баспасөз қызметі.

Shares