Жаңа ДШСК алғашқы жарыс: Мамлюткада Хасан Бектұрғановты еске алуға арналған еркін күрестен чемпионат өтті

Мамлютка қаласында осы өңірдің тумасы, көрнекті саяси қайраткер Хасан Шаяхметұлы Бектұрғановты еске алуға арналған қалалар арасындағы еркін күрестен чемпионат өтті, деп хабарлайды QZ NEWS.
Хасан Шаяхметұлының есімі Солтүстік Қазақстан облысы тұрғындарына жақсы таныс. Ол – Ұлы Отан соғысының ардагері, өмірін өңірдің өркендеуіне арнаған тұлға. Оның еңбегі облыс пен ел тарихында айқын із қалдырды. Бүгінде оның есімі аға буын мен жас ұрпақты біріктіріп, мұндай турнирлер ел тарихына, тамырына деген құрмет пен сабақтастықтың нышанына айналып отыр.

Бектұрғановты еске алу турнирі жиырма жылдан астам уақыттан бері өткізіліп келеді. Оның бастамашысы – туған жерінде күрес дәстүрін сүйіспеншілікпен дамытып жүрген еркін күрес жаттықтырушысы Харис Мамлютов.
Биыл жарыс жаңадан салынған дене шынықтыру-сауықтыру кешенінде өтті. Бұл – мамлюттік жастар үшін бой көтерген заманауи спорт нысаны. Кең әрі жарық залдар, жаңа жабдықтар мен нағыз спорттық мереке атмосферасы турнирге ерекше көрік берді.

Ашылу салтанатына аудан әкімі Елена Фёдоровна Степаненко қатысып, мұндай іс-шаралардың болашақ чемпиондарды тәрбиелеу мен жастардың салауатты өмір салтын қалыптастырудағы маңызын атап өтті.
Мамлюттегі турнир – жай ғана жарыс емес, бұл – дәстүр, өткенге деген құрмет және Солтүстік Қазақстандағы спорт дамуының жаңа қадамы.
