Жаңа маусым – жаңа жеңістер: СҚО гимнастшылары Степногорскіден жүлделі оралды

Солтүстік Қазақстан облысының көркем гимнастика командалары Степногорск қаласында өткен Ақмола облысының ашық чемпионатына қатысты. Бұл турнир жаңа маусымдағы алғашқы бастама болды, деп хабарлайды QZ NEWS.
Қысқа дайындық уақытына қарамастан, жарыс бапкерлер мен спортшыларға жаңа бағдарламаларды бағалап, қажетті түзетулер енгізуге мүмкіндік берді.

«Қыздар өте қатты толқыды, өйткені бұл жаңа маусымдағы жаңа бағдарламамен алғашқы бастама еді», – деді жаттықтырушы Анастасия Норкина.
Қарсыластар да тосын болды, себебі әр команда жаңа бағдарламамен шықты.
Чемпионат қорытындысы бойынша солтүстікқазақстандық гимнастшылар тамаша нәтижелер көрсетті. Бірінші орындарды «Малинки», «ДЮСШ» және «Джемки» командалары иеленді. Екінші орынға «Феечки» мен «Сияние» командалары тұрақтады.

Қазіргі уақытта спортшылар іріктеу жарыстарына дайындалуда. Оның нәтижесінде облыс намысын Қазақстан Республикасының чемпионатында қорғайтын құрама жасақталмақ.
