Петропавловск
+21°C
Главная страница » Туризм » Туристік полиция Имантау-Шалқар курорттық аймағында қауіпсіздікті қамтамасыз етуде

Туристік полиция Имантау-Шалқар курорттық аймағында қауіпсіздікті қамтамасыз етуде

August 22, 2025 11:16

Шілде айының ортасынан бастап Солтүстік Қазақстан облысындағы ең танымал туристік нысандардың бірі – Имантау-Шалқар курорттық аймағында тәртіпті туристік полиция қызметкерлері қадағалап жүр, деп хабарлайды QZ NEWS.

Айыртау ауданында орналасқан 48 демалыс аймағында, 3 балаларды сауықтыру орталығында және туристерге арналған 500-ден астам үйлерде сегіз учаскелік инспектор қызмет атқарады. Олар «Имантау» және «Шалқар» демалыс аймақтарына төрт-бестен бөлінген. Туристер легінің артуына байланысты аудандық полиция бөлімінің құрамына туристік полиция қызметінің екі инспекторы енгізілді.

«Қызметкерлер қазақ, орыс және ағылшын тілдерін еркін меңгерген. Бұл оларға оқиғаларға жедел әрекет етуге ғана емес, шетелдік қонақтарға Қазақстанда болу ережелерін түсіндіруге де мүмкіндік береді», – деп хабарлады СҚО ПД баспасөз қызметі.

Туристік полицияның негізгі міндеттері:

  • Демалушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету.
  • Қылмыстардың алдын алу.
  • Аймақты патрульдеу.

Курорттық аймақты тиімді қамту үшін сегіз патрульдік бағыт әзірленген: алтауы жаяу, екеуі автокөлікпен. Жұмысқа учаскелік инспекторлармен қатар полицияның өзге де қызметкерлері тартылған.

Shares