Петропавлда «Үздік бастауыш партия ұйымы» өңірлік байқауының жеңімпаздары марапатталды
«AMANAT» партиясының Солтүстік Қазақстан облыстық филиалы «Үздік бастауыш партия ұйымы» өңірлік байқауының қорытындысын жариялады. Бұл байқау Партия төрағасы Ерлан Қошанов жариялаған Бастауыш партия ұйымдарының жылы аясында ұйымдастырылды, деп хабарлайды QZ News.
⠀
Бірінші санатта Петропавл қаласындағы «Дарын» бастауыш партия ұйымы бірінші орынды иеленді. Екінші орын Мамлют ауданындағы «Ленинская» бастауыш партия ұйымына бұйырса, үшінші орын Ғабит Мүсірепов ауданының «Возвышенская» БПҰ-на берілді. Екінші санатта жеңімпаз болып Мамлют ауданынан келген «Городская» БПҰ танылды, ал екінші орынды Уәлиханов ауданының «Қаракөл» БПҰ иеленсе, үшінші орын Қызылжар ауданының «Соколовская» БПҰ-ға берілді. Үшінші санатта Петропавл қаласындағы «Білім» БПҰ жеңімпаз болып танылды. Жеңімпаздар мен жүлдегерлерге бағалы сыйлықтар мен дипломдар табысталды.
⠀
«Бастауыш партия ұйымдары – партияның негізі, тірегі болып табылады. Бүгінде бастауыш партия ұйымдары айтарлықтай күшейтіліп, нығайту жөнінде жұмыс жүргізілді. Бұл жұмыс бастауыш партия ұйымдарымен тиімді жұмыс атқаруға және оларға қойылған тапсырмаларды жедел шешуге мүмкіндік береді. Дәл сіздердің еңбектеріңіздің арқасында партия алдындағы міндеттер сәтті жүзеге асуда.», – деп атап өтті «AMANAT» партиясы СҚОФ атқарушы хатшысы Жеңіс Асанов.
⠀Байқау жеңімпаздары мен жүлдегерлері жұмыстарын жоғары бағалағаны үшін алғыстарын білдіріп, алдағы жоспарларымен бөлісті.
⠀