Абай Құнанбаевтың бейнесі Kozybayev University-дің екінші корпусында пайда болды
July 14, 2025 11:00

Kozybayev University-дің екінші корпусы жаңа шабыт сыйлайтын келбетке ие болды. Ғимарат қабырғасына ұлы қазақ ақыны, ағартушысы әрі ойшылы Абай Құнанбаевтың бейнесі салынды, деп хабарлайды QZ News.
Бейнежазбаны әлеуметтік желідегі парақшасында М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университетінің Басқарма төрағасы – ректор Ербол Исақаев жариялады.

Бұл арт-нысан ғимаратты көркемдеп қана қоймай, Абай мұрасының, даналығы мен білімге деген ұмтылысының мәңгілік ескерткіші ретінде де қызмет етеді. Бейне университет келбетімен үйлесім тауып, білім мен мәдени дамуға деген адалдықты бейнелейді.
