Аризона университетінің делегациясы Петропавлға келді
September 11, 2025 10:00

Петропавлда Kozybayev University-де стратегиялық серіктестер – Аризона университетінің делегациясын қарсы алды. Сапар оқу-зертханалық корпусында жаңа Blackberry эспрессо-барының салтанатты ашылуымен басталды. Енді қала брендіне айналған танымал кофеханалар желісі Kozybayev University студенттеріне де қолжетімді, деп хабарлайды QZ NEWS.
Сапар аясында Аризона қонақтары бірқатар маңызды кездесулер өткізді:
- университет басшылығымен;
- қос дипломды бағдарламалар бойынша оқитын студенттермен;
- профессорлық-оқытушылық құраммен.
Бұдан бөлек, делегаттар ғылыми конференцияға және Ғылыми кеңестің кеңейтілген отырысына қатысты.

Аризона университетінің өкілдері апта бойы Kozybayev University-де болып, ынтымақтастықты одан әрі дамыту мен бірлескен жобаларды жүзеге асыруды талқылайды.
