Петропавловск
+21°C
Главная страница » Жаңалықтар » Еңбек ардагері Зейнолла Олжабаев дүниеден өтті

Еңбек ардагері Зейнолла Олжабаев дүниеден өтті

September 24, 2025 11:24

97 жасында ауыл шаруашылығының ардагері, Солтүстік Қазақстан облысының Құрметті азаматы Олжабаев Зейнолла Олжабайұлы дүниеден озды, деп хабарлайды QZ NEWS.

Зейнетке шыққан соң да ол қоғамдық және ағартушылық қызметін жалғастырып, шежіре зерттеумен айналысты, мәдени мұрамызға маңызды тарихи-өлкетану еңбектерін жазды.

«Зейнолла Олжабайұлының ғұмыры – Отанға адал қызмет етудің, еңбекқорлықтың, азаматтық жауапкершіліктің және рухани көшбасшылықтың айқын үлгісі. Ол бүкіл еңбек жолын туған өлкенің ауыл шаруашылығын дамытуға арнады. Зоотехник, бас зоотехник, аудандық ауыл шаруашылығы басқармасы бастығының орынбасары болып еңбек етті. Төрт мәрте аудандық кеңестің депутаты болып сайланды, қоғамдық-саяси өмірге белсене қатысты.

Марқұмның отбасына, туған-туыстары мен жақындарына шын жүректен көңіл айтамын. Оның жарқын бейнесі мен еңбегі облыс тарихында мәңгі сақталады!», – деп жазды өңір басшысы Ғауез Нұрмұхамбетов әлеуметтік желідегі жазбасында.

Shares