Петропавловск
+21°C
Главная страница » Жаңалықтар » Ермек Көшербаев Kozybayev University-дің жаңа жатақханасында болды

Ермек Көшербаев Kozybayev University-дің жаңа жатақханасында болды

August 14, 2025 14:28

Петропавлға жұмыс сапарымен Астанадан Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары Ермек Қошербаев пен ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек бастаған делегация келді. Олар Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Ғауез Нұрмұхамбетовпен бірге өңірдің бірқатар маңызды нысандарын, соның ішінде Қазақстандағы ең ірі жатақхана – Kozybayev University студенттер үйін аралады, деп хабарлайды QZ NEWS.

Ғимарат фойесінде ректор университеттің стратегиялық серіктесі – Arizona университетінің қызметкерлері делегацияны қарсы алып, жоғары оқу орнының қызметін таныстырды. Дрондарды тану жүйесінен бастап, теріні қайта өңдеу технологиясына дейін – жергілікті ғалымдар әзірлеген ғылыми жобалар көрмесі жатақхананың бірінші қабатында ұсынылды. Агротехнология, химия, инженерия және ақпараттық технологиялар бағыттарында Kozybayev University ғалымдары мен мамандары жұмыс істеп келеді.

– Мен химия және химиялық технологиялар кафедрасынан екі жобаны ұсынамын. Біріншісі – пайдаланылған полимерлерді қолдану арқылы модификацияланған асфальтобетон жабындарын жасауға бағытталған. Ал екіншісі – термостойкость, гидроустойчивость, коррозияға төзімділік және химиялық төзімділікті біріктіретін модификацияланған лак-бояу жабындарын әзірлеу, – деді PhD докторы Юлия Бызова.

Кейін үкімет өкілдері Kozybayev University студенттерімен еркін форматта сұхбаттасты. Еркін атмосфера студенттерге делегациямен ашық әңгімелесуге мүмкіндік берді. Олар пайдалы кеңестер алып қана қоймай, университеттегі өз тәжірибелерімен бөлісті.

Еске сала кетсек, СҚУ-дың жаңа жатақханасы өткен жылдың күзінде ашылған болатын. Ауданы 27 мың шаршы метр болатын студенттер үйінде 1200 орын бар, бұл оны елдегі ең ірі жатақханаға айналдырады. Жатақхана ішінде спорт залы, коворкинг аймақтары, медпункттер және асханалар – студенттердің жайлы өмір сүруіне қажетті барлық жағдай жасалған.

Shares