Gansu Logistics Group СҚО-да астық өңдеу зауытын салады

Облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов Қытайдың ірі мемлекеттік логистикалық корпорацияларының бірі – Gansu Logistics Group өкілдерімен кездесті. Кездесуде ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеу саласындағы ынтымақтастық мүмкіндіктері талқыланды, деп хабарлайды QZ NEWS.

Қытай тарапы нақты жоспарларын ұсынды: Тайынша ауданында астық өңдеу зауытын салу. Бұл кәсіпорында өндірілетін өнім негізінен экспортқа бағытталмақ. Аталған келісім өңірдің дамуына, инвестиция тартуға, жаңа инфрақұрылым мен жұмыс орындарын құруға маңызды қадам болмақ.

Сонымен қатар делегация ауыл шаруашылығына жасанды интеллект енгізу саласында да ынтымақтастыққа дайын екенін жеткізді. Бұл бастама М. Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университеті мен Қытайдың Уайчжун ауыл шаруашылығы университеті арасындағы серіктестік аясында жүзеге асырылмақ.
