Ғауез Нұрмұхамбетов СҚО тұрғындарын Конституция күнімен құттықтады
August 30, 2025 08:41

30 тамыз – Қазақстанда Конституция күні аталып өтеді. Мереке қарсаңында Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов өңір тұрғындарына арнап құттықтау сөзін жолдады, деп хабарлайды QZ NEWS.
Өз сөзінде әкім еліміздің Негізгі Заңы тәуелсіздігіміздің берік тұғырына, әрбір азаматтың құқықтары мен бостандықтарының кепіліне айналғанын атап өтті.
«Осы отыз жылдың ішінде Конституция біздің басты бағдарымыз болып келеді. Ол елге дамуға, ал халыққа бейбітшілік, тұрақтылық пен келісім жағдайында өмір сүруге мүмкіндік берді», — делінген құттықтауда.
Сөзінің соңында әкім облыс тұрғындарына бейбіт өмір, бірлік, ертеңгі күнге сенім және жаңа жетістіктер тіледі.
