Келлеровка ауылында демікпесі ұстаған ер адамның өмірі құтқарылды
July 17, 2025 15:57

Солтүстік Қазақстан облысындағы трассалық медицина-құтқару пунктінің кезекші бригадасы автожанармай бекетінде кенеттен жағдайы нашарлаған ер адамның өмірін сақтап қалды, деп хабарлайды QZ NEWS.
Оқиға Тайынша ауданына қарасты Келлеровка ауылында болған. Жанар жағармай станциясы аумағында жүрген ер адам кенеттен дем ала алмай, демікпе ұстамасы басталған.
«Оқиға туралы хабарлама кезекші қызметке келіп түскен соң, трассалық медицина-құтқару пунктінің бригадасы бірден жолға шықты. Бірнеше минут ішінде оқиға орнына жеткен құтқарушылар ер адамға жанармай бекетінің аумағында шұғыл медициналық көмек көрсетті. Оның жағдайын тұрақтандыру мүмкін болды», – деп хабарлады СҚО ТЖД.
