Петропавловск
+21°C
Главная страница » Жаңалықтар » Көлікке жасалған шабуыл…

Көлікке жасалған шабуыл…

August 8, 2023 16:54

Ухабов пен Досмұхамбетов көшелерінің қиылысында белгісіз ер адам көлікке пышақпен шабуыл жасады, деп хабарлайды QZ Media тілшісі СҚО полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Оқиға 4-ші тамыз күні 22:28-де болған. Ер адамды учаскелік полиция инспекторлары ұстады. Тәртіп бұзушы Петропавлға жұмыс істеуге келген 38 жастағы Ақмола облысының тұрғыны болып шықты. Медициналық сараптаманың қорытындысына сәйкес, құқық бұзушы мас күйде болған.

Оған қатысты бірден 3 іс қозғалды:

– ҚР Қылмыстық кодексінің 293-бабы «Бұзақылық» бойынша.

– ӘҚБтК-нің 667-бабы бойынша «Құқық қорғау органы қызметкерінің заңды бұйрығына немесе талабына бағынбау»

– ҚР ӘҚБтК-нің 440-бабы бойынша «Алкогольдік ішімдіктерді ішу немесе қоғамдық орындарға масаң күйде келу».

Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізілуде.

Shares