Петропавловск
+21°C
Главная страница » Жаңалықтар » Kozybayev University-де MBA бағдарламасының алғашқы түлектері диплом алды

Kozybayev University-де MBA бағдарламасының алғашқы түлектері диплом алды

July 13, 2025 12:10

Kozybayev University іскерлік басқару магистрі (MBA) бағдарламасы бойынша алғашқы түлектерін салтанатты түрде шығарып салғанын хабарлады. Он төрт түлекке көптен күткен дипломдары арнайы салтанатты табыстау рәсімінде тапсырылды, деп хабарлайды, QZ News.

MBA бағдарламасы 2023 жылы Алматы Менеджмент Университетімен (AlmaU) серіктестіктің нәтижесінде іске қосылған болатын. Бұл ынтымақтастық Kozybayev University-ге іскерлік басқару саласында заманауи білім беруге мүмкіндік берді.

Диплом тапсыру салтанатына Мәжіліс депутаты Еркебұлан Мамбетов, Алматы Менеджмент Университетінің өкілдері, жұмыс берушілер, сондай-ақ түлектердің отбасылары мен достары қатысты.

Shares