Kozybayev University-де Студенттік Ассамблея ашылды

Петропавлда Kozybayev University қабырғасында Студенттік Ассамблеяның салтанатты ашылуы өтті. Шараға Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары Марат Әзілханов, қоғам қайраткерлері мен өңірдің белсенді жастары қатысты, деп хабарлайды QZ NEWS.
Марат Әзілхановтың айтуынша, жаңа ұйымның басты мақсаты – студенттер арасында этносаралық бірлікті нығайту. ҚХА төрағасының орынбасары жастардың бастамаларын қолдайтынын айтып, олардың белсенділігі мен идеяларының маңыздылығына тоқталды.

Жиында «Ассамблея жастары» ұйымының белсенділері де бас қосты. Олардың қатарында «Ассамблея жастары» РҚБ төрағасы Тимур Жұмұрбаев та болды. Ұйым аясында жастар бірнеше жылдан бері өз жобаларын әзірлеп, волонтерлік қызметке белсене араласып келеді.

Жаңа студенттік ұйымның төраға болып үшінші курс студенті Көркемай Жүсіпбек сайланды. Белсенді қыз алға қойылған мақсаттарға жетуге нық дайын
