Петропавловск
+21°C
Главная страница » Жаңалықтар » Kozybayev University студенттері 1200 орындық жаңа жатақханаға қоныстануда

Kozybayev University студенттері 1200 орындық жаңа жатақханаға қоныстануда

August 29, 2025 11:04

Kozybayev University-де жатақханаға қоныстану басталды. Биыл алғаш рет 1200 орындық жаңа Студенттер үйі ашылды. Ол Қазақстандағы ең ірі жатақханалардың бірі болып саналады, деп хабарлайды QZ NEWS. Жаңа нысан екі 11 қабатты корпустан тұрады. Мұнда 1 және 2 курс студенттері, сондай-ақ 3-курстың бір бөлігі тұрады.

Университеттің баспасөз қызметінің мәліметінше, жатақхана ішінде барлық жағдай жасалған:

  • жиһазбен жабдықталған бөлмелер,
  • кафетерийлер,
  • жаттығу залдары,
  • коворкинг-аймақтар.

«Өткен оқу жылында Театр көшесіндегі жаңа жатақханаға алғашқы студенттер қоныстанған болатын. Енді онда шетелдік студенттер, Foundation факультетінің тыңдаушылары, магистранттар, интерндер және докторанттар да тұрады. Сондай-ақ шақырылған профессорларға арналған 25 пәтер қарастырылған. Бұдан бөлек, жоғарғы курс студенттері №3 және №10 жатақханалардың жайлы бөлмелеріне орналасуда. Мұнда да тұрушылар үшін барлық жағдай жасалған», – делінген хабарламада.

Қоныстану студенттердің өзі әзірлеген арнайы қосымша арқылы жүргізілді. Бұл өзге қаладан келгендерге барлық құжаттарды онлайн рәсімдеуге мүмкіндік берді. Жалпы университетте 2704 орын бар. Қоныстану 1 қыркүйекке дейін жалғасады.

Shares