«Мектепке дайындық»: Петропавлда психологтар мен педагогтар СҚО ата-аналарына кеңес берді

Петропавлдағы №8 орта мектепте «Сенімен Болашақ» ұйымының мамандары ата-аналарға жаңа оқу жылына балаларды дайындау бойынша кеңес өткізді. Іс-шара республикалық «Мектепке дайындық» марафоны аясында ұйымдастырылды, деп хабарлайды QZ NEWS тілшісі.
«Сенімен Болашақ» республикалық қоғамдық бірлестігінің филиалы тұрақты түрде тренингтер өткізіп, халық арасында саналы ата-ана дамытуда. «Мектепке дайындық» акциясы аясында өткізілген консультацияларда мамандар ата-аналарға балаларын тыңдау мен түсінудің маңыздылығын түсіндірді.

«Бұл консультация психологиялық, әлеуметтік және педагогикалық тұрғыда өткізіліп жатыр. Біздің серіктестер балалардың мектеп ортасына жеңіл бейімделу жолдарын және қиындықтарды дұрыс еңсеру тәсілдерін айтып береді», – деді «Сенімен Болашақ» РҚБ филиалының жетекшісі Жанат Мұхамеджанов.
Жиында педагогтар, полицейлер мен психологтар да сөз сөйледі. СҚО Әдістемелік орталығы бөлімінің басшысы Диана Қазбекова ата-аналарға тәрбиенің бірыңғай бағдарламасын іске асырудағы рөлі туралы айтып берді. ҚР Президенті әзірлеген «Біртұтас тәрбие» бағдарламасының басым бағыты – балаларда жалпыадамзаттық құндылықтарды дамыту, ал оны жаңа оқу жылында мұғалімдер жүзеге асыратын болады.
СҚО ПД ЖПҚБ ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспекторы Сәгидолла Итекбаев өңірдегі кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтар жөніндегі ахуалға тоқталды. Ол ата-аналарға балалармен заңды сақтау мәселелері жөнінде сөйлесудің маңыздылығын еске салды.

«Жасөспірімдер қылмысы азаюда. Биыл кәмелетке толмағандар арасында 18 қылмыс тіркелді, олардың 23-і қылмыстық жауапкершілікке тартылды. Сондай-ақ кәмелетке толмағандарға қатысты 64 қылмыс жасалды, оның ішінде 9-ы жыныстық қолсұқпаушылықты бұзу фактілері», – деді Сәгидолла Итекбаев.
Мектепте бала өзінің тәрбиелік деңгейін де көрсетеді, ол әрқашан ата-ананың үйде берген өнегесімен тығыз байланысты. Ата-аналар қауымына кеңес пен ұсыныстарын психолог Ирина Якимова жеткізді.

«Балаларды бір-бірімен салыстыруға болмайды. Баланың өзі таңдаған стратегияларын қолдауымыз керек – кеше оған бүгінгі мақсатына жетуге көмектескен әдістерді қолдауды жылы сөзбен жеткізген дұрыс. Осы арқылы біз бала өмірінде ары қарай жүзеге асыратын ынтаны қалыптастырамыз», – деп атап өтті Ирина Якимова.
