Петропавловск
+21°C
Главная страница » Жаңалықтар » Петропавл әкімі 100 жастағы тыл еңбеккерін Қарттар күнімен құттықтады

Петропавл әкімі 100 жастағы тыл еңбеккерін Қарттар күнімен құттықтады

October 1, 2025 17:00

Петропавл әкімі Серік Мұхамедиев тыл еңбеккері Александра Фирсованы Қарттар күнімен құттықтады, деп хабарлайды QZ News тілшісі.

Ұлы Отан соғысы жылдарында Александра Фирсова есепші мамандығына оқыған, кейін бұл салаға өмірінің 35 жылын арнады. Оқудан бос уақытында ол тылдағы сарбаздарға көмектесіп, оларға жылы қолғап тоқыды. Александра Васильевнаның айтуынша, соғыс оның бойында берік мінез қалыптастырды. Қиын тарихи кезеңді бастан өткергеннен кейін әрбір нан қиқымы ол үшін шынайы құндылыққа айналды.

Биыл Александра Фирсова 100 жасқа толды. Тыл еңбеккері әр күнге қуанып, уақытты тиімді өткізуге тырысады. Александра Васильевна жергілікті газеттерді оқығанды және сканворд шешкенді ұнатады, дегенмен соңғы уақытта көзі сыр бере бастаған. Кейде ол жастық шағындағы әндерді айтып, алаңсыз кезеңдерін еске алады.

Александра Васильевнаға арнайы барған Петропавл әкімі оған сый-сияпат жасап қана қоймай, тыл еңбеккерімен әңгімелесті де.

«Ең бастысы – сізге зор денсаулық тілеймін. Сіз еліміздің ең қиын да, ең бақытты дәуірлерін бастан өткердіңіз. Біз сізден үлгі алуымыз керек», – деді Серік Мұхамедиев.

Shares