Петропавловск
+21°C
Главная страница » Жаңалықтар » Петропавл әкімі су тасқынын жоюға көмектескен әскери қызметшілерге алғыс білдірді

Петропавл әкімі су тасқынын жоюға көмектескен әскери қызметшілерге алғыс білдірді

July 11, 2025 17:13

Қала күні қарсаңында Петропавл қаласының әкімі Серік Мұхамедиев 6637 әскери бөлімі мен Ұлттық ұлан академиясына барып, жуырдағы су тасқыны салдарын жою кезінде жанқиярлық пен жоғары кәсібилік танытқан жеке құрамға алғысын білдірді, деп хабарлайды QZ News.

Әскери қызметшілер мен курсанттар төтенше жағдай кезінде халыққа қауіпсіздік пен қолдау көрсетуге өлшеусіз үлес қосты. Олардың ұйымшыл әрекеті, жеделдігі мен үйлесімділігі — шынайы патриотизм мен борышқа адалдықтың жарқын үлгісі болды.

— Елімізге деген адалдықтарыңыз бен қиын сәтте көмекке келуге әрдайым дайын екендеріңіз үшін баршаңызға алғыс айтамын, — деді Серік Мұхамедиев.

Shares