Петропавл мен Омбы ынтымақтастығын нығайтуда

Петропавлға Омбы қаласының мэрі Сергей Шелест бастаған делегация мерекелік сапармен келді. Сапардың мақсаты — екі қала арасындағы ежелден қалыптасқан достық және экономикалық байланыстарды одан әрі нығайту, деп хабарлайды QZ News.
Петропавл қаласының әкімі Серік Мұхамедиев әлеуметтік желідегі жазбасында, делегация сапары аясында қонақтар қаладағы тарихи-мәдени орындарды аралағанын және сапардың соңында— бауырластық қатынастар туралы меморандумға қол қойылу рәсімі болғанын атап өтті.

«Бұл қадам Омбы мен Петропавл арасындағы көпжылдық ынтымақтастықты ресми түрде бекітті. Омбы мен Петропавл мәдениет, спорт, білім беру және бизнес салаларында өзара ынтымақтастықты жалғастырып, делегациялармен және бірлескен жобалармен тұрақты түрде алмасып келеді», — деп жазды қала әкімі.

