Петропавл мен Қостанайдағы НЗМ түлектері Аризонамен қос дипломды бағдарлама бойынша Kozybayev Universitтy-ге шақырту алды

Петропавл мен Қостанай қалаларындағы Назарбаев Зияткерлік мектептерінің түлектері АҚШ-тың Аризона университетімен әріптестікте жүзеге асырылатын беделді қос дипломды білім беру бағдарламалары бойынша Kozybayev University-де оқуын жалғастыру мүмкіндігіне ие болды. Шақыртулар оқу жылының аяқталуына арналған салтанатты іс-шаралар барысында табысталды, деп хабарлайды QZ News.

Университеттің баспасөз қызметінің хабарлауынша, шақырту білім беру бағыттары бойынша жоғары жетістік көрсеткен түлектерге берілді. Атап айтқанда: «Ақпараттық жүйелер», «Биотехнология» және «Инклюзивті білім беру» мамандықтары. Шақырту алған барлық түлек оқу грантына ие болуы мүмкін. Бұл сапалы білімге қолжетімділікті едәуір жеңілдетеді.

