Петропавловск
+21°C
Главная страница » Жаңалықтар » Петропавл қаласындағы әлеуметтік маңызы бар нысандарда 28 сәуірде ыстық су беру шектеледі

Петропавл қаласындағы әлеуметтік маңызы бар нысандарда 28 сәуірде ыстық су беру шектеледі

April 22, 2025 16:04

28 сәуір күні сағат 08:00-ден 22:00-ге дейін Петропавл қаласындағы әлеуметтік маңызы бар нысандарда — мектептерде, балабақшаларда, ауруханаларда, спорт нысандарында, мұражайлар мен кітапханаларда — ыстық су беру уақытша шектеледі, деп хабарлайды QZ News «Севказэнерго» АҚ-ға сілтеме жасап.

«Петропавл Жылу Желілері» ЖШС жылу беру маусымының аяқталуына байланысты ҚР нормативтік-құқықтық актілерінің талаптарына сәйкес жылу тасығыштың максималды температурасына сынақ жүргізетін болады.

«Мұндай сынақ кезінде жылу тасығыштың температурасы 102 °C-қа дейін көтеріледі. Сынақ барысында қала тұрғындарын аса мұқият болуға және қауіпсіздік шараларын сақтауға шақырамыз: құбырларда ақаулар болған жағдайда ыстық су жер бетіне шығуы мүмкін. Мұндай жағдайда 152 нөмірі бойынша қалалық диспетчерлік қызметке хабарласу қажет», – делінген хабарламада.

Shares