Петропавл тұрғындарын «Ашық есік күніне» және қала әкімімен есептік кездесуіне шақырады
26 ақпанда сағат 10:00-де Петропавл әкімі мен қалалық мемлекеттік органдардың басшылары С.Мұқанов атындағы облыстық кітапханада «Ашық есік күні» шарасын өткізеді. Ал 28 ақпанда сағат 11:00-де қалалық мәдениет үйінде қала әкімі тұрғындармен есептік кездесу өткізеді, деп хабарлайды QZ News тілшісі.
Қала әкімі аппаратының баспасөз қызметінің хабарлауынша, барлық қала тұрғындары Instagram арқылы онлайн режимінде кездесуге қатысу мүмкіндігіне ие болады.
«Сонымен қатар, өз ұсыныстарыңызды, сұрақтарыңызды және пікірлеріңізді 26-28 ақпан аралығында Telegram-бот қосымшасы «Есептік кездесулер 2025» (http://t.me/Otchetnye_vstrechy_2022_bot) арқылы қалдыра аласыз. Сондай-ақ, кездесу кезінде онлайн трансляция арқылы сағат 11.00-ден 12.30-ға дейін келесі байланыс қызметтері жұмыс істейтін болады: «Ikomek» Орталықтарында арнайы анықтамалық қызмет (109 нөмірі); Whatsapp нөмірі 8 778 566 14 04 және Telegram-бот «Есептік кездесулер 2025», олар арқылы барлық тілек білдірушілер сұрақтарын жібере алады», — делінген баспасөз хабарламасында.
Ұсыныстар мен ескертулер тек аты-жөні, үй мекенжайы және байланыс телефоны көрсетілген жағдайда қаралатын болады.