Петропавл тұрғындарын ЖЭО-2 буды үрлеу кезінде шығатын қатты дыбыс туралы ескертті
September 19, 2025 16:16

Облыс орталығының тұрғындарына 21 қыркүйекте шығуы мүмкін қатты дыбыстың себебі түсіндірілді. «Севказэнерго» АҚ мәліметінше, бұл күні №3 қазан агрегаты күрделі жөндеуден шыққаннан кейінгі буды үрлеу жұмыстары жүргізіледі, деп хабарлайды QZ NEWS.
– Үрлеу кезінде арнайы қондырғылар арқылы жоғары қысыммен атмосфераға шығарылатын өндірістік бу қатты дыбыс шығарады. Тұрғындардан алаңдамауды сұраймыз, барлық жұмыстар Петропавл ЖЭО-2 мамандарының қатаң бақылауымен атқарылады, – делінген хабарламада.
