Петропавловск
+21°C
Главная страница » Жаңалықтар » Петропавл тұрғынына TikTok-тағы әдепсіз сөздері үшін айыппұл салынды

Петропавл тұрғынына TikTok-тағы әдепсіз сөздері үшін айыппұл салынды

September 19, 2025 15:56

Петропавлдың әкімшілік құқықбұзушылық жөніндегі мамандандырылған соты әлеуметтік желіде әдепсіз сөздер айтылған бейнеролик жариялаған жергілікті тұрғынға қатысты істі қарады, деп хабарлайды QZ NEWS.

Іс материалдарына сәйкес, азамат Ш. TikTok әлеуметтік желісінің пайдаланушысы бола отырып, өзінің қатысуымен түсірілген бейнероликті ашық қолжетімділікке орналастырған. Онда дөрекі, әдепсіз сөздер болған.

– Сот оны ҚР ӘҚБтК-нің 434-бабының 1-бөлігінде (ұсақ бұзақылық) көзделген әкімшілік құқықбұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танып, 78 640 теңге көлемінде айыппұл салу туралы шешім шығарды, – деп хабарлады сотта.

Shares