Петропавловск
+21°C
Главная страница » Жаңалықтар » Петропавл жастары «Эко-тілектер қабырғасына» өз тілектерін жазды222

Петропавл жастары «Эко-тілектер қабырғасына» өз тілектерін жазды222

October 13, 2025 20:25

Петропавлдың орталық алаңында жастарға арналған ауқымды акция өтті. Қалалық жастар ресурстық орталығының еріктілері «эко-қабырға» орнатып, онда жастар Қазақстанды 10 жылдан кейін қалай елестететінін бейнеледі, деп хабарлайды QZ News тілшісі.

«Эко-тілектер қабырғасына» облыс орталығының жастары жазбалар, суреттер және тілектер қалдырды. Біреулері өз армандарымен бөліссе, енді бірі елдің болашағы үшін қалай еңбек ететінін жазды.

«Қазақстан экологиялық және әлеуметтік тұрғыда көшбасшы болады», «Таза, әділ және дамыған – 10 жылдан кейінгі Қазақстан осындай», «Қазақстанды тәуелсіз және гүлденген ел ретінде көремін», «Ормандарды сақтап, көлдерді тереңдетіп, соғыс ешқашан болмасын», – деп жазды жастар өз тілектерінде.

«Эко-тілектер қабырғасы» – жастарға арналған шығармашылық жоба ғана емес, сонымен қатар «Таза Қазақстан» республикалық бағдарламасын жүзеге асырудың бір бөлігі.

«Бұл шараның мақсаты – жастардың экологиялық жауапкершілігін қалыптастыру, қаланың санитарлық жағдайын жақсартуға және абаттандыруға үлес қосу, экологиялық таза әрі өркендеген қоғам құруға жастарды шабыттандыру, экологиялық ойлау мәдениетін дамыту және олардың «Таза Қазақстан» бағдарламасына белсенді қатысуын қамтамасыз ету», – деп атап өтті ұйымдастырушылар.

Shares