Петропавлда № 6 жылу магистралінің күрделі жөндеуі жалғасуда
August 14, 2025 11:46

Петропавлда Алматы көшесі бойымен өтетін № 6 жылу магистралінде күрделі жөндеу жұмыстары қарқынды жүріп жатыр. «Петропавл жылу желілері» ЖШС қызметкерлері апатты учаскедегі құбыр желісін ауыстыруда, деп хабарлайды QZ NEWS.
Жұмысшылар жоспарланған 35 метрдің 25 метрін, диаметрі 500 мм болатын беруші құбырды, ауыстырып үлгерді. Нысанда бір жөндеу бригадасы мен үш арнайы техника бірлігі жұмылдырылған.
Аталып өткендей, жүргізіліп жатқан жұмыстар тұтынушыларға әсер етпейді: үйлерде ыстық су беру шектелмеген. Жөндеу жұмыстарын аяқтап, жаңартылған учаскені 22 тамызға дейін пайдалануға беру жоспарлануда.
