Петропавлда әйелдерге арналған өзін-өзі қорғау бойынша шеберлік сабағы өтті
«Динамо» стадионының спорт залында әйелдерге арналған өзін-өзі қорғау бойынша оқу шеберлік сабағы өтті. Аймақтық әйелдер істері жөніндегі комиссия, отбасылық-демографиялық саясат және полиция қызметкерлері ұйымдастырған іс-шара жыл сайынғы халықаралық «Зорлық-зомбылыққа қарсы белсенділіктің 16 күні» акциясы өтті, деп хабарлайды QZ News тілшісі.
«Шеберлік сабағын арнайы және жұмылдыру дайындығы қызметкерлері жүргізді, біз бұл іс-шарағ киокушинкай каратэ Бүкілқазақстандық ұйымының СҚОФ жаттықтырушыларын тарттық. Қыздар күн сайын зорлық-зомбылыққа ұшырайды, қарапайым қорғаныс әдістерін меңгеру және оларды қолдана білу маңызды деп есептейміз. Шеберлік сыныбына әртүрлі жастағы 40-қа адам қатысты», – дейді Петропавл қалалық ІІБ әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау тобының аға инспекторы Әсем Ілиясова.
Шеберлік сабағын кәсіби нұсқаушылар мен тәжірибелі жаттықтырушылар жүргізіп, қатысушыларға қорғаныстың тиімді әдістерін, стресстік жағдайларда өзін-өзі ұстау ережелерін және қауіпті жағдайлардың алдын алу жолдарын үйретті.
«Біз қыздардың есте сақтауы және қолдануы үшін өте қарапайым әдістерді көрсеттік. Менің ойымша, әйелдер табиғатынан өте мықты, стресстік жағдайда олар шабуыл жасаған адамға қарсы тұра алады, бастысы өзіңізді жинап алуың қажет», – дейді Бүкілқазақстандық киокушинкай каратэ ұйымыСҚОФ тренер-нұсқаушысы Сәния Жақан.